Тіс емдеу клиникасына уақтылы көрініп тұрасыз ба?
Мүмкін тісіңізді емдетуден қорқатын шығарсыз?
Біз Сізге жай ғана тіс емдеуден де АРТЫҚ ұсыныс жасауға әзірміз.
«ПОЛИДЕНТ 24» ЖШҚ стоматологиялық емханасында Сіздің тістеріңіз өнер мен үздіксіз жетілдірудің нысанына айналады.
Біз Сізге өзіңіз үшін қолайлы кез келген уақытта кез келген сұрағыңыз бойынша көмектесе аламыз. Қызылиектеріңіз қансырайтын болса, тісіңіздің пломбасы түсіп қалса, тістеріңіз ауырса, тістеріңіздің қисықтығын түзеткіңіз келсе, ақшақардай тістеріңізді жарқыратып «голливудша» күлгіңіз келсе немесе жасанды тіс тәждерін орнатқыңыз келсе – бұл қызметтердің әрқайсысына арналған жетекші маманымыз бар.
«ПОЛИДЕНТ 24» емханасында ең озық жабдықтар орнатылған.
Ешқандай қарбаласы мен «конвейерлік» қызмет көрсету белгілері жоқ отбасылық типті жайлы стоматологиялық емхана.
Сіздерге деген қамқорлығымыз бір шыны кофе мен кеңес беруден басталады.
«Полидент 24» ЖШҚ емханасында келесі стоматологиялық қызметтер көрсетіледі:
- Жедел тіс ауырулары бойынша тәулік бойғы жедел жәрдем
- Имплантология
- Балалар стоматологиясы
- AirFLow технологиясы бойынша қызылиектердің қансырауына және парадонт ауруларына қарсы күрес, Vector құрылғысының көмегімен емдеу.
- Тістерді ауыру сезімінсіз емдеу және қалпына келтіру.
- Титанды, цирконийлі негіздегі керамиканы, сондай-ақ металсыз («таза») керамиканы қолдану арқылы тістерді протездеу.
- Тістердің айқасуын түзету, брекет жүйелерді жеке тағайындау
- Жеке каппаларды дайындау
- Жоспарлық, тегін кепілдік қарап тексерулер жүргізіледі
- Жеке тәртіппен емдеу ақысын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылады
- Дисконттық картаны өзгелерге беру құқығы бар жеңілдіктерді жинақтау жүйесі қолданылады.
- Уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы
- Ең жаңа технологиялармен жабдықталған жеке тіс-техникалық зертханамыз бар.
Біздің дәрігерлер Сізге кез келген уақытта қуана көмек береді. Алайда алдын алу және дер кезінде емдеу шараларының тіс ауруларын болдырмаудың ең дұрыс жолы екенін ұмытпаңыздар.
61-61-96, 34-14-78, 8-9081171216, 89006702210 ТЕЛЕФОНДАРЫ БОЙЫНША ХАБАРЛАСЫП, ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР
Ізгі ниетпен, «ПОЛИДЕНТ 24» ЖШҚ емханасының ұжымы